Бағдарламаның 2023–2026 жылдардағы жетістіктері

2023–2026 жылдар аралығында 193 пәтерден тұратын 21 апатты тұрғын үй бұзылды. 763 пәтерге арналған 10 көппәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.

Нәтижесінде:

  • 247 меншік иесі жаңа пәтер алды;
  • 17 меншік иесі ақшалай өтемақы алды;
  • 1 меншік иесіне қайталама нарықтан тұрғын үй берілді;
  • 450 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САПАРЫ

2025 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы апатты тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасының іске асырылу барысымен танысу мақсатында Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Президент Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 206 мекенжайында реновация бағдарламасы бойынша салынған 230 пәтерлі жаңа тұрғын үй кешенін аралады. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстардың сапасымен, тұрғындардың өмір сүру жағдайларымен және нысанның инфрақұрылымымен танысты. Сондай-ақ Ақмола облысының халықтың әлеуметтік осал топтарын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі табысты тәжірибесін атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша Президент Ақмола облысында апатты тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасын іске асыру нәтижелері мен жинақталған тәжірибеге жоғары баға берді.