«Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ»

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы №266 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 15 қазанда құрылды. Қоғамның құрылтайшысы және акционері Ақмола облысының әкімдігі болып табылады.

Өңірдегі экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болып табылатын Өңірлік даму институты болып табылады.