22.04.2025

«KOKSHETAU ENGINEERING» ЖШС-нің директоры лауазымына Болатов Абай Есболатұлы тағайындалды.
Абай Болатов 1995 жылғы 6 тамызда Алматы облысы Аксуу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келген.
Салалық жоғары білімі бар:
– 2017 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған;
– 2022 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінен «Инженерлік кәсіпкерлік» мамандығы бойынша диплом алған;
– 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Өңірлік даму» бағыты бойынша білім алған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Транс Универсал Проект» ЖШС-де инженер-конструктор болып бастаған.
ҚР Қарулы күштерінде Атырау қаласында әскери қызмет атқарған.
Әскери қызметтен кейін Жетісу облысы Сарқан ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман,
сондай-ақ Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап Ақмола облысы Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған.