«KOKSHE» ӘКК» АҚ төрағасының орынбасары Али Алиев мемлекеттік наградамен марапатталды

10.04.2026

«KOKSHE» ӘКК» АҚ төрағасының орынбасары Али Мұхаммедұлы Алиев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл награда Ақмола облысында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асырудағы жүйелі еңбегі мен құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.

Оның жетекшілігімен өңірдегі реновация қалалық ортаны кешенді жаңарту үдерісі ретінде қалыптасты. Бұл тек ескі үйлерді бұзып, жаңасын салумен шектелмей, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, аумақтарды абаттандыру және тұрғын үй құрылысының заманауи стандарттарын енгізуді қамтиды.

Жұмыстың негізгі тетіктерінің бірі - мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі. Бұл тәсіл жобаларды бюджет қаражатын тартпай-ақ жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Инвесторлармен өзара іс-қимылдың қалыптасқан жүйесі мемлекет, бизнес және тұрғындар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етіп, барлық кезеңдердің ашықтығын күшейтеді.

Азаматтардың мүддесіне ерекше назар аударылады: апатты және тозығы жеткен үйлерден көшіру теңгерімділік қағидаты негізінде, яғни тұрғын үй жағдайларын жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл жоғары деңгейдегі үйлестіруді және халықпен тұрақты диалог жүргізуді талап етеді.

Бағдарламаның нақты нәтижелері қазірдің өзінде көрініс табуда: өңірде жаңа тұрғын үй кварталдары қалыптасып, қалалық ортаның сапасы артып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке түсетін салық түсімдері көбейіп отыр.

«KOKSHE» ӘКК» АҚ ұжымы Али Мұхаммедұлын лайықты марапатымен құттықтап, оның өңірдің тұрғын үй инфрақұрылымын дамытудағы жүйелі еңбегін жоғары бағалайды.