Акмола обласынын биыл егін жинау алаңы – 5,2 млн га

23.08.2022

Әрі қарай Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев тақырып бойынша баяндама жасады.

Облыс әкімінің айтуныша, биыл егін жинау алаңы – 5,2 млн га, оның ішінде 4,6 млн га дәнді және бұршақ-дәнді дақылдар, 366,5 мың га майлы дақылдар, 17,4 мың га картоп және 2,7 мыңга көкөніс құрайды. Жем-шөппен толық қамтамасыз ету мақсатында дақылдарының жаздық егістігін 32 мың гектарға, 207 мың гектарға артты.

Бүгінгі таңда 1,2 млн тонна шөп немесе қажеттіліктен 95% (жоспар 1,3 млн тонна), пішендеме – 234 мың тонна немесе 90% (жоспар 260 мың тонна), сүрлем – 65 (алпыс бес) мың тонна немесе 34%(жоспар 190 мың тонна) дайындалды. Қосымша тағы 750 мың тоннаға жуық сабан дайындауды жоспарланып отыр.

«Алдағы егін орағына өңірде 9 мың астық жинайтын комбайн, 2,5 мың дестелегіш, 5 мың жүк көлігі толық жұмылдырып дайындалды», — деді Ермек Маржықпаев. 

Егін жинауға 83 мың тонна дизельдік отын бөлінді, фермерлер үшін түпкі баға 1 литр үшін 218 теңге құрайды. 

«Биылғы ауа райын, нормадан жоғары жауынды ескере отырып, сізден астық кептіру үшін қажетті 20 мың тонна дизельдік отын бөлу мәселесін қолдауыңызды сұраймын», — деді облыс әкімі.

Астықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оны қабылдауды облыстың жалпы сақтау сыйымдылығы 4,7 млн тонна 70 астық қабылдау кәсіпорындары жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарында көлемі 2,3 млн. тонна астық қоймалары бар. Дәнді және бұршақ–дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 10-11 центнерден айналып, болжаулы жиынтық өнім 5 млн. тоннаға жуық құрайды. 

«Бүгінгі таңда біздің міндетіміз егін жинау – науқанын сапалы әрі уақтылы өткізу», — деді әкім.