Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жәрмеңкесі өтті

01.10.2022

Өткен демалыс күндері Көкшетаудың бас алаңында Аршалы, Атбасар, Астрахан, Бурабай, Егіндікөл, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандарының, Көкшетау қаласының және »Көкшетау ӘКК ҰК»АҚ-ның 90 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде барлығы 66 миллион теңгеге 63 тонна өнім ұсынылды.

Ауа-райының салқындығына қарамастан, қала тұрғындары таңертеңнен бастап Көкшетаудың орталық алаңына асықты. Мұнда мерекелік атмосфера орнады, өңірдің аграршылары өз өндірісіндегі тауарлардың тұтас желісін әкелді. Ет өнімдері, картоп, күнбағыс майы үлкен сұранысқа ие болды.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жәрмеңкені өткізу барысымен жеке танысты. Дүңгіршектер мен тауарлар желісін қарап шыққаннан кейін ол облыстың аудан орталықтарында да халық үшін осындай іс-шараларды өткізу жиілігіне назар аударды.

«Енді біз мұны әр аудан орталығында қайталауымыз керек. Мұны біз бұрын жоспарлаған едік. Халық үшін бұл өте маңызды. Жақында Зеренді ауданында төмендетілген бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлар дүкені ашылды. Мұндай дүкендерді барлық аудан орталықтарында ашу керек деп санаймын«, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың айтуынша, жәрмеңкеде 66 миллион теңгеге өнім ұсынылған. Сандарға қарағанда, бұл халықты төмен бағамен әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін жақсы көмек.

«Облыс фермерлері барлығы 28 тонна ет, соның ішінде жылқы еті, сиыр еті, қой еті, сондай-ақ құс  әкелді. 5 тонна сүт және 10 тонна картоп, шамамен 6 тонна көкөніс және 1 тонна жаңа балық жеткізілді. Басқа өнімдер де ұсынылған. Барлығының бағасы нарықтық бағадан кем дегенде 15-20 пайызға төмен. Келген халық оны өздері көреді«, - деді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.

Жыл соңына дейін Ақмола ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қазан айында елордадағы екі жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ, жыл соңына дейін облыс орталығында үш жәрмеңке өткізу жоспарланған.