2025 жылдың 18 маусымы мен 2 шілдесі аралығында Ақмола облысында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құруға бағытталған «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында әлеуетті несие алушылармен көшпелі кездесулер өтті.
Іс-шараларға «Аманат» партиясының кураторы Құрманбаев А.Т., облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ «СПК «KOKSHE» АҚ несиелеу департаментінің директоры қатысты. Кездесулер Ақкөл, Аршалы, Біржан сал, Ерейментау, Егіндікөл, Қорғалжын, Зеренді, Жарқайың, Жақсы, Шортанды, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласындағы ауылдық округ әкімдері жүргізген скрининг нәтижелері негізінде ұйымдастырылды.
Кездесу барысында бизнес бастау жоспарланып отырған нысандар араланып, микрокредит беру қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өтінім беру кезінде жиі кездесетін кемшіліктерге де назар аударылды, атап айтқанда:
-
кепілге қойылатын мүлікке қатысты құқық белгілейтін құжаттар мен 2-нысан мәліметтерінің сәйкессіздігі;
-
салықтық берешектің болуы;
-
несие тарихының нашарлығы және т.б.
Мұндай жұмыс кездесулері ауыл тұрғындарының ақпараттану деңгейін арттырып қана қоймай, өңір экономикасын нығайтуға және ауылда жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты жобалардың іске асуына ықпал етеді.