«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында дәріс өткізді

25.09.2025

25 жылғы 25 қыркүйек «KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамындаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.А. Құсайынов «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру жөніндегі көзқарастар айтылып, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою жолдары қарастырылды, сондай-ақ қызметкерлерге «Integritycheck» адалдықтытексеру институты бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.