«Сапалы өнім» жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастықты талқылады

02.04.2024

ҚР СИМ Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен сауда және қызметтер салалық кеңесінің кезекті отырысында «Сапалы өнім» жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастықты талқылады.

Департамент басшысы Е.Е. Әубәкіров қатысушылардың назарына «Сапалы өнім» тұжырымдамасы жобасының негізгі бағыттары туралы жеткізді. Жобаны іске асыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар тұтынушыларға қолжетімді тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету орындарына бару арқылы қоғамдық бақылау жүргізеді. Бұл ретте олар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасайды, сондай-ақ тұтынушылар мүддесі үшін сотқа талап-арыз береді. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған кезде бұл туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі, сондай-ақ бақылау субъектісіне беріледі. Қоғамдық бірлестіктер қызметін неғұрлым тиімді интеграциялау үшін ахуалдық штаб құрылды, оған бейінді мемлекеттік органдар да кірді.

Штаб жұмысының нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап импорттық өнімнің шамамен 15 түрі зерттелді. 12-ға жуық бұзушылықтар анықталды: өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі.

Өз кезегінде Өңірлік палата директоры Е.С. Мұсылманбек сүт өнімдерін өндірушілерден ең көп шағым түсетінін, осыған байланысты Ахуалдық штабтың жұмысын күшейту ұсынылып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен кеңесінің төрағасы Қ. Б. Рақышев бүгінде импортталған сүт өнімдерінің, оның ішінде құрғақ сүттің басым екендігін атап өтті. Отандық сүт өндірушілері арзан сапасыз импортпен бәсекелестікке төтеп бермей жабылуға мәжбүр. Осыған байланысты ахуалдық штабтың жұмысын жандандыру қажет.

Бұдан әрі Е. Е. Әубәкіров сауда қызметін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын регламенттейтін заңнама нормаларын түсіндірді.

Бұдан басқа, нарықтарды жаңғырту қажеттілігі және орындалмаған жағдайда одан әрі жауапкершілік туралы мәселесі көтерілді.

Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге: азық-түлік тауарларын көтерме сатып алу бойынша тауарды қажетті «таңбалаудың» болуына және сапаның сәйкестігіне бақылауды; импортталатын әкелінетін өнімді немесе отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алуды таңдағанда, таңдауды соңғысының пайдасына жүзеге асыруға ұсынылды.