Күреспеу, алдын алу: Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

26.03.2026

2026 жылғы 26 наурызда «KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамында «KOKSHE» ӘКК» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің функцияларын атқарушы жауапты тұлғасы Ташенов М.С. «Күреспеу, алдын алу: Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуден оның алғышарттарын жүйелі түрде жоюға көшу, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту бағытындағы негізгі қағидаттар қарастырылды.