«KOKSHE» ӘКК командасы жағажай волейболынан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.09.2026

«KOKSHE» ӘКК командасы 11–13 қыркүйек аралығында Астанада өткен жағажай волейболынан Қазақстан Республикасы чемпионатының IV турында үшінші орын иеленді.

Үш күн бойы елордалық «Дәулет» теннис орталығының жағажай алаңдарында ерлер және әйелдер командалары жүлделі орындар үшін бақ сынады. Ересектер арасында жағажай волейболынан мұндай деңгейдегі жарыс алғаш рет өткізілді.

Ерлер арасындағы турнирде «Каспий» командасы жеңімпаз атанса, «Каспий-1» екінші орын иеленді. Ал «KOKSHE» ӘКК командасының өкілдері жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Чемпионатқа қатысу командаға Ақмола облысын республикалық деңгейдегі спорт додасында таныстырып, еліміздің өзге өңірлерінен келген командалармен бәсекеде өз күшін сынауға мүмкіндік берді.

Командамызды лайықты өнер көрсетіп, ел чемпионатында үшінші орын иеленуімен құттықтаймыз!