Форвардтық қаржыландыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін

01.04.2025

«KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын форвардтық шарттар жасасу арқылы сатып алуды жүзеге асырады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыру шарттары бойынша жүзеге асырылады:
форвардтық шарттың жалпы сомасының жетпіс (70) пайызынан аспайтын мөлшерде алдын ала төлеммен және өнім жеткізілгеннен кейін қалған бөлігін толық есеп айырысу арқылы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алу кезінде мамандандырылған ұйым ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, қайта өңдеуші кәсіпорындардың және азық-түлік тауарларын өткізумен айналысатын көтерме жеткізушілердің (дистрибьюторлардың) қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізеді.


Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды форвардтық қаржыландыруға арналған құжаттар тізбесі:

  1. Қаржыландыруға өтінім / коммерциялық ұсыныс
    (Мыналарды қамтуы тиіс: қаржыландыру сомасы, өндіріс көлемі, өнім туралы ақпарат, сапа сертификаты, сатылым бағасы, өткізу нүктелері, жеткізу кестелері).
    Форвардтық қаржыландыру шарттың жалпы сомасының 70%-нан аспайтын мөлшерде алдын ала төлеммен және өнім жеткізілгеннен кейін толық есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе ХҚКО-дан анықтама;

  3. Заңды тұлғаның жарғысының көшірмесі (барлық өзгерістерімен бірге);

  4. Басшыны сайлау туралы жалпы жиналыс хаттамасының көшірмесі, бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық, жеке куәліктің көшірмесі;

  5. Салықтар мен міндетті төлемдер бойынша қарыздың болмауы, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы туралы мәлімет (егер заңнамада төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлар болмаса), өтінім берілген күнгі жағдай бойынша;

  6. Екінші деңгейлі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген қарыздар (несиелер) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы (өтінім берілген күнгі несиелік есеп, анықтамалар);

  7. Азық-түлік тауарларын тиісті сақтау, дайындау және тарату операцияларын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған қойма және инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің меншік құқығында немесе басқа заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану, сенімгерлік басқару) болуы;

  8. Мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушыларының тізілімінде болмауы;

  9. Мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің болмауы, сондай-ақ атқарушылық құжаттар, шектеулер мен ауыртпалықтар бойынша міндеттемелердің болмауы;

  10. Алып қоюлар (тұтқындау) жоқ екендігі туралы egov порталынан алынған анықтама (өтінім берілген күнге);

  11. Кәсіпорынның соңғы 2 жылдағы қаржылық есептілігі;

  12. Салықтық есептілік (100-нысан) соңғы 3 жылға.


???? Байланыс деректері:
Көкшетау қ., Ауельбеков көш., 32
???? Телефон: 8 (7162) 72-13-58
✉ Электрондық пошта: info@spk-esil.kz