Арман Хасенов «KOKSHE» ӘКК Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

25.11.2026

«KOKSHE» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Арман Аманжолұлы Хасенов тағайындалды. Ол бұған дейін аталған қызметті 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың ақпан айына дейін атқарған.

Арман Хасенов 1978 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қаласында дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Салық органдарында, прокуратура органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.