629 голов овец: как программа «Ауыл аманаты» помогает развивать животноводство в Акмолинской области

21.11.2026

629 бас қой: «Ауыл аманаты» бағдарламасы Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға қалай көмектесуде?

Ақмола облысының Ерейментау ауданында «Ордабай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен қой шаруашылығын дамытып келеді.

Кооператив төрағасы Ербол Тартыпұлы Мұстафин мал шаруашылығын дамыту мақсатында «KOKSHE» ӘКК» АҚ арқылы жеңілдетілген несие алды. Бөлінген қаражатқа шаруашылық 6–12 айлық 629 бас ұрғашы тоқтыларды сатып алды.

Жас мал басын сатып алу алдағы уақытта қой төлін көбейтуге және шаруашылықтағы мал санын арттыруға негіз қалайды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлерін қолдауға, шағын шаруашылықтарды дамытуға және ауылдық жерлердегі экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған. «KOKSHE» ӘКК» АҚ бағдарламаны іске асыруға қатысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

«Ордабай» кооперативінің тәжірибесі мемлекеттік қолдаудың ауыл шаруашылықтарына өндіріс көлемін ұлғайтуға және мал шаруашылығын тұрақты дамытуға жағдай жасауға қалай ықпал ететінін көрсетеді.