Ақмола облысы әкімдігінің бастамасымен Астана қаласында бір жылдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін Aqmola Invest өңірлік фронт-офисі жұмыс істеп келеді. Aqmola Invest инвесторлармен жаңа әрі кең ғимаратта жұмыс істейтін болады.

«Мемлекет басшысының инвестициялық белсенділікті ынталандыру және Астана агломерациясындағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында республикалық маңызы бар AQMOLA индустриялық аймағы құрылды. Жалпы сомасы шамамен 2 трлн теңгені құрайтын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар елордаға да, Ақмола облысына да пайдалы болады.

Aqmola Invest инвестициялық фронт-офисі мен AQMOLA индустриялық аймағының басқарушы компаниясының бірлескен жұмысы цифрландыру жағдайында бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді. Онда өңірдің жер ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолжетімді болады.

Aqmola Invest мамандары Ақмола облысында жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған инвесторларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді.

Байланыс ақпараты:

Мекенжайы: Астана қ., Достық көш., 13

Телефон: +7 702 637 1496

Электрондық пошта: aqmola.invest@gmail.com

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма: 9:00 – 18:30

Үзіліс: 13:00 – 14:30