Көкшетауда салынып жатқан жабық мұз аренасының құрылысы аяқталуға жақын

18.01.2023

Көкшетауда шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және керлингке арналған жабық мұз аренасы салынуда. Жобаны «Qazaq Union» ЖШС «KOKSHE» ӘКК-мен бірлесіп жүзеге асырады. «KOKSHE ӘКК Басқарма Төрағасы Саят Сыздықов жақында нысанға барып, құрылыс барысымен танысты.

Ғимараттың ауданы 2 300 м2. Бұған дейін біз металл жақтау мен сэндвич-панельдерден қабырғалар тұрғызылғанын, коммуникациялар жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз, ал енді келесі аптада олардың іске қосылатындығын хабарлаймыз.

2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша барлық қажетті бөлме-жайлар салынды: төрт киім ауыстыратын бөлме, медициналық кабинет, жаттықтырушылар мен төрешілер бөлмелері, шағын кафе мен қарау бөлмесі, жуынатын бөлмелер (оның ішінде қажеттілігі жоғары адамдар үшін) және душ, қойма. Мұз машинасына арналған бөлме дайындалуда.

Құрылысты «Qazaq Union» компаниясы өз қаражаты есебінен және тек жоғары сапалы материалдардан салып жатыр. Жабық мұз аренасын салу барысында Р. Айғайбеков атындағы «Арлан» хоккей академиясының, мұз ареналарына, жобалау ұйымдарына арналған кәсіби жабдықтарды жеткізушілердің ұсыныстары ескерілді.

«Qazaq Union» компаниясы нысанды пайдалануға беруді  Наурыз мерекесіне орай жоспарлап отыр.