Сауда және интеграция министрлігінің басшысы Серік Жұманғарин бизнеспен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мәселелерін талқылады

19.08.2022

2022 жылғы 19 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин негізгі азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 8 салалық бірлестігінің басшыларымен кездесу өткізді. Олар - Сүт одағының, Құс өсірушілер одағының, Астық одағының, Май өндірушілер одағының, Фермерлер одағының, Картоп және көкөніс өсірушілер одағының, Астық өңдеушілер одағының, Қант, тамақ өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының, Май өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының өкілдері.

Азық-түлік бизнесінің өкілдері саладағы өзекті мәселелерді және халықтың азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін атап өтті. Атап айтқанда, «Қазақстанның Сүт одағының» атқарушы директоры Владимир Кожевников бүгінгі таңда сала «ақ» өнімдерді - сүт, айран, қаймақты 100%-ға жеткізуді қамтамасыз етуге дайын екенін айтты. Кездесуге қатысушылардың барлығы осы көрсеткішке қол жеткізу үшін не қажет екенін, сондай-ақ саланың негізгі проблемалары мен бағаларды тұрақтандыру және негізгі азық-түлікті ішкі нарыққа жеткізу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Көптеген өндірушілер үшін әр саланың ерекшелігін ескере отырып, көптеген мәселелердің негізгі шешімі – «айналым схемаларына» уақытылы қол жеткізу болып табылады.

Серік Жұманғарин жыл соңына дейін Үкімет ірі сауда желілеріне өнім өткізу кезінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған заңнамалық бастамаларды ұсынатынын атап өтті.  Бөлшек сауда желілерінің емес, тікелей өндірушілердің айналым схемасының іс-қимылы қайта қарастырылып жатыр. 

«Бағаның айтарлықтай өсуі мен тапшылық болмайтындай етіп, жүйені қалай өзгерту керектігі туралы өте маңызды ұсыныстар көп айтылды. Ертең өңір әкімдерінің орынбасарларымен жаңа келісімшарт жүйесі мен ӘМАТ өткізу жөніндегі кездесуді жоспарлап отырмыз», — деді Серік Жұманғарин.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мүмкіндіктерін талқылауды жалғастыру туралы келісті.