ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі «Kokshe Market» әлеуметтік павильондарының жұмысымен танысты

16.11.2022

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев жұмыс сапары аясында Ақмола облысының тұрғындарымен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу өткізу үшін Көкшетауға келді. Сапар аясында ол бірқатар өнеркәсіптік нысандарда болды, атап айтқанда «Еуразия Групп Казахстан», «Sinegor-Grain», «Новопэк», «Гормолзавод» ЖШС.
Вице-министрдің қызығушылығын тудырған маңызды нысандардың бірі – «Kokshe Market» әлеуметтік павильоны, онда Ақмола облысының тұрақтандыру қорының өнімдері, сондай-ақ делдалдардың үстеме бағасынсыз өндіруші зауыттардың тауарлары сатылады.
Тұрақтандыру қорының жұмысы және өңірдегі айналым схемасы мен форвардтық сатып алу тетігін іске асыру туралы ақпаратпен танысқан Вице-министр Ақмола облысында тауар теңгерімін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
«Сауда – бұл өмір қозғалысы (...) Тауар ағындарын уақытында ұйымдастыру керек» және де негізгі міндет – бағаны тұрақтандыру екендігін айтты.