Көкшетауда биыл алғаш рет тауар өндірушілердің күзгі жәрмеңкесі өтті

24.09.2022

Көкшетауда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі таңғы сағат 8 - ден басталды. Түске қарай сөрелер айтарлықтай босады,яғни бұл  қала тұрғындарының өнімді белсенді түрде сатып алғандығын көрсетеді.

Қала тұрғындары мен Көкшетау қонақтары жергілікті тауар өндірушілерден ет және сүт өнімдерін, құс еті, балық және бал, картоп пен қырыққабат, жеміс - жидектерді, тіпті тоқыма бұйымдарының барлығын базар бағасынан төмен бағаға сатып алды.

Егер сіз бүгін келуге үлгермеген болсаңыз, онда 1 қазанда өтетін жәрмеңкеге қатысуға мүмкіндігіңіз бар.