Көкшетауда жабық мұз аренасы салынуда

01.12.2022

Көкшетауда шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және керлингке арналған жабық мұз аренасы салынуда. Жобаны «Qazaq Union» ЖШС «Kokshe» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.

«Qazaq Union» - өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында үлкен тәжірибесі бар құрылыс-өндірістік компания. Компания 2010 жылдан бастап бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

Жабық мұз аренасын жобалау кезінде Р. Айғайбеков атындағы «Арлан» хоккей академиясының, мұз ареналарына арналған кәсіби жабдықтарды жеткізушілердің, спорт ғимараттарына мамандандырылған жобалау ұйымдарының ұсыныстары ескерілді.

Аренаның негізгі сипаттамасы:

  1. Ғимараттың ауданы – 2 340 м2;
  2. Аренаның өлшемі – 73 м*32 м*12 м (Д*Ш*В);
  3. Мұз алаңының өлшемі – 58 м*28 м (Д*Ш);
  4. Құрылысы: негізі монолитті темірбетон, қаңқасы металл, қабырғалары сэндвич-панельдер, коммуникациялар орталық.

Мұз алаңынан және техникалық үй-жайлардан басқа, қажетті үй-жайларды қамтитын әкімшілік-шаруашылық блок қарастырылған: залдар, күту залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық, жаттықтырушылар және төрешілер үй-жайлары, жуынатын бөлмелер, душ бөлмелері.

Барлық құрылысты «Qazaq Union» компаниясы тек жоғары сапалы материалдардан өзінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Аренаға арналған арнайы жабдық барынша ұқыптылықпен таңдалғанын қосамыз. Құрылысшылар МсQuay фирмасы өндірген чиллерді (құюға және өңдеуге арналған машина), «ZAMBONI» фирмасының мұз жиегін кесуге арналған агрегатын,  сондай-ақ «ICE GRID» фирмасының мұз алаңын суықпен қамтамасыз ету жүйесін орнатты.

«Компания үшін бұл маңызды әлеуметтік жоба, бұл жобаны жүзеге асыру – жерлестеріміз алдында біздің әлеуметтік жауапкершілігімізді көрсетеді», - деп атап өтті «Qazaq Union» басшылығы.

Келесі жылы Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары жаңа аренаның мұзына шыға алады.